Accessibility links

Филиппинде қатты дауылдан ондаған адам мерт болды


"Мангхут" дауылынан кейінгі көрініс. Филиппин, 15 қыркүйек 2018 жыл.
"Мангхут" дауылынан кейінгі көрініс. Филиппин, 15 қыркүйек 2018 жыл.

Филиппинде "Мангхут" дауылы салдарынан кемінде 30 адам мерт болып, 13 адам хабар-ошарсыз кеткен деп хабарлайды Reuters.

Филиппин президентінің кеңесшісі Фрэнсис Толентиноның мәлімдеуінше, табиғи апаттан кемінде 5,7 миллион адам зардап шеккен. Дауыл әсерінен болған су тасқыны аралдарда жүздеген үйді және бірнеше әуежайды бұзып кеткен.

Толентиноның дерегі бойынша, әсіресе нөсер жауынның соңы көшкінге ұласқан таулы аудандардағы тұрғындар қатты зардап шеккен. Ол аймақта желдің екпіні сағатына 145 шақырымға жеткен.


Ел президенті Родриго Дутерте сенбі күні табиғи апаттан ең қатты зардап шеккен Кагайан ауданында болып, қазаға ұшырағандардың отбасыларына көңіл айтқан.

Қазір "Мангхут" дауылы Гонконг жаққа бет алып бара жатыр, ол жерде әуе рейстерінің мерзімі кейінге ауыстырылып, қауіпті аймақта тұратын адамдарды көшіре бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG