Accessibility links

Солсберидегі жаңа оқиғада "Новичоктың" ізі жоқ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ұлыбритания полициясының хабарлауынша, Солсбери қаласындағы жексенбі күні болған күдікті жайтқа жүйке жүйесін зақымдайтын химиялық "Новичок" затының қатысы жоқ.

Полицияның 17 қыркүйекке қараған түні таратқан мәлімдемесінде "Новичок" болуы мүмкін дейтіндей дәлел жоқ. Қазір осы оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр.

Ұлыбританиялық басылымдар жексенбі кешке мейрамханада улану белгілерімен екі адам ауруханаға түскенін хабарлаған. 40 жасқа келіп қалған ер мен 30 жастағы әйел адам қазір ауруханада жатыр. Екі науқас та есін біледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG