Accessibility links

Белсенді Петр Верзиловтің "жағдайы жақсарып келеді"


Мәскеуден Берлинге арнайы рейспен жеткізілген белсенді Петр Верзилов. Берлин. 15 қыркүйек. 2018 жыл.
Мәскеуден Берлинге арнайы рейспен жеткізілген белсенді Петр Верзилов. Берлин. 15 қыркүйек. 2018 жыл.

Берлиндегі клиникада жатөан ресейлік белсенді, Pussy Riot тобы мен "Война" арт-труппасының мүшесі Петр Верзилов жақсарып келеді. Бұл туралы оның достары хабарлады.

"Жағдайы жақсы, бәрі дұрыс" деді Reuters агенттігіне сұқбат берген белсендінің құрбысы әрі Pussy Riot тобының мүшесі Вероника Никульшина. Оның сөзінше, Берлиндегі Charite клиникасының "дәрігерлері мықты".

Берлиндік Cinema for Peace Foundation тобының басқарма директоры Яка Бизильге сілтеме жасаған Reuters агенттігнің хабарлауынша, Верзиловті Берлинге жеткізген арнайы әуе рейсінің ақысын "Ресеймен серіктес" коммерциялық емес ұйым төлеген.

Бизильдің айтуынша, 30 жастағы Верзилов қыркүйектің 11-і күні Мәскеуде өткен сот отырысында өзін жайсыз сезінген. Жедел жәрдем көлігінде оның жағдайы мүлдем нашарлаған.

Петр Верзилов 11 қыркүйекте көру, сөйлеу қабілеті және моторикасы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түскен. Оның жақындары белсенді улануы мүмкін деп отыр. Верзиловтің қанынан ешқандай күдікті зат таппаған дәрігерлер науқас "инсульт алдындағы жағдайда" екенін айтқан. Ал Верзиловтің кейбір таныстары ол бұлшық етті зақымдайтын холинолитикалық затпен улануы мүмкін екенін айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG