Accessibility links

Қытайдағы дауылдан миллиондаған адам эвакуацияланды


Дауылдан кейін су басқан көшеден өтіп бара жатқан тұрғын. Гуандун провинциясы, 16 қыркүйек, 2018 жыл.
Дауылдан кейін су басқан көшеден өтіп бара жатқан тұрғын. Гуандун провинциясы, 16 қыркүйек, 2018 жыл.

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында «Мангхут» дауылынан екі жарым миллионға жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бірнеше күн бұрын дауыл Филиппин мен Гонкгонгте жүріп өтіп, ондаған адам мерт болған.

Гонконг билігі, қыркүйектің 17-сі күнгі апаттың ауқымды болғанын, үш жүздей адамның зардап шеккенін хабарлады. Ал Филиппиннің солтүстігінде қыркүйектің 15-інде жүріп өткен дауылдың жылдамдығы сағатына 205 шақырым болған. Филиппин полициясы, көшкін мен үйлердің қирауынан 64 адам мерт болғанын айтады.

Қыйтайдың Гуандун провинциясындағы «Мангхуттың» қазіргі екпіні сағатына 162 шақырымға жеткен.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG