Accessibility links

SpaceX-пен Айға ұшатын алғашқы турист анықталды


SpaceX компаниясының ғарышқа зымыран ұшыру сәті (Көрнекі сурет).
SpaceX компаниясының ғарышқа зымыран ұшыру сәті (Көрнекі сурет).

SpaceX аппаратымен Айға ұшатын алғашқы ғарыш туристі болып жапондық миллиардер, өнер коллекционері Юсаку Маэдзава болмақ. Бұл туралы компанияның Twitter парақшасында хабарланды.

Big Falcon Rocket зымыран тасығышы 2023 жылы ұшырылады деп жоспарланып отыр. Бір аптаға жалғасатын ол экспедиция кезінде зымыран Айға 200 шақырымға жақындап Жерге қайта оралуы тиіс.

Маэдзава бортқа әлемнің әр түпкірінен алты я сегіз өнер адамын шақырып отыр. Айға суретші, музыкант, модельер және режиссер аттанбақ. Олардың нақты кімдер екені айтылмады. Жапон миллиардерінің Айға сапарының құны қанша тұратыны айтылмайды.


SpaceX жеке ғарыш компаниясы Айға туристік сапарлар ұйымдастыратыны туралы 2017 жылдың ақпан айында мәлімдеген. Алғашқы сапар 2018 жылы болады деп күтілген, бірақ кейінге шегерілді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG