Accessibility links

Прокурор Абловас Жұмаевқа түрме жазасын сұрады


Абловас Жұмаев, ақтаулық белсенді. Ақтау, 31 шілде, 2018 жыл.
Абловас Жұмаев, ақтаулық белсенді. Ақтау, 31 шілде, 2018 жыл.

Прокурор Қазақстанда тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының Тelegram-чаттағы хабарламалары үшін сотқа тартылып жатқан Абловас Жұмаевты айыпты деп танып, үш жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ақтауда өтіп жатқан сотта қыркүйектің 18-і күні судья Аралбай Нағашыбаев адвокаттардың өтініші қанағаттандырылмағанын, сот жарыссөзге көшетенін хабарлады. Адвокат Жанар Сүндетқалиева айыпталушы Абловас Жұмаевтың әкесінің қайтыс болуына байланысты сот отырысын кейінге шегеруді сұраған. Айыпталушының өзі де өзін жайсыз сезініп тұрғандықтан сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады. Бірақ судья оның сөзін аяғына дейін тыңдамастан прокурорға сөз берді. Түстен кейін айыпталушы да соңғы сөз сөйлейді деп күтілуде.


Абловас Жұмаев 2018 жылғы мамырдың 11-інде сот шешімімен қамауға алынған. ҚДТ қозғалысына қатысы бар деген күдікке 44 жастағы Абловас Жұмаевтан өзге 38 жастағы зайыбы Айгүл Ақбердиева мен Ақтау тұрғыны Жеңіс Бисенғазиев те ілінген. Оларға Қылмыстық кодекстің 179-бабының 1-2тармағы бойынша (билікті басып алуға шақыру - ред.) қылмыстық іс маусымның 26-сында қозғалған.

Наурыздың 13-інде Астана соты Бас прокуратураның арызы бойынша Мұхтар Әблязов басқаратын ҚДТ қозғалысын "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG