Accessibility links

Қырғыз әншісі Зере Асылбекке қоқан-лоқы жасады


Қырғыз әншісі Зере Асылбек. Бішкек, 17 қыркүйек 2018 жыл.
Қырғыз әншісі Зере Асылбек. Бішкек, 17 қыркүйек 2018 жыл.

Қырғыз әншісі Зере Асылбекті әлеуметтік желі арқылы белгісіз біреулер қорқытқан.

"Инстаграм" әлеуметтік желісіндегі Bespredel_kg деген белгісіз аккаунт иесі 19 жастағы әншіге сес көрсетіп, "Қыз" клипін алып тастауды талап еткен. Әнші бұл хабарламаның скриншотын Facebook парақшасына жариялады.

Зеренің айтуынша, бұл хабарлама әлеуметтік желідегі жеке поштасына түскен. "Мен әзірге құқық қорғау органдарына шағымданбадым. Алдымен әкеммен кеңесемін, сосын шешім қабылдаймын" дейді ол.

Кейін ddjumabaev аккаунты арқылы да әншіге осыған ұқсас пікір қалдырылған. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Зере Асылбекке жазылған хабарламаларды тексеріп жатқанын айтты.

Зере Асылбектің жақында жарияланған "Кыз" әні өзгелердің құқығын, жеке таңдауын сыйлауға шақырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG