Accessibility links

Астана банкі лицензиясынан айырылды


Алматыдағы Ұлттық банк ғимаратындағы жазу мен эмблема.
Алматыдағы Ұлттық банк ғимаратындағы жазу мен эмблема.

Қазақстан ұлттық банк басқармасы Астана банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензиясынан айырды. 19 қыркүйектен бастап банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылған.

Бұған Астана банкінің төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде және пруденциялық нормативтерді бұзғаны себеп болған. Тиісті қаулы кеше қабылданды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір банкті тарату комиссиясы құрылғанға дейін уақытша әкімшілік тағайындалған.

"Астана банкі жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болғандықтан, депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемақысы төленеді", делінген ақпаратта.

Ұлттық банк Астана банкінің лицензиясын, президент Нұрсұлтан Назарбаев үш қазақстандық банк, оның ішінде Астана банкіндегі «нашар көрсеткіштері» туралы айтқаннан соң тоқтатқан.

Ұлттық банк мәліметінше, 2018 жылдың 1 мамырындағы көрсеткіш бойынша Астана банкіндегі жеке тұлғалардан қабылданған депозит көлемі 53 миллиард теңгені құраған.

Өткен айда Ұлттық банк Qazaq Banki мен Эксимбанктерін де лицензиядан айырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG