Accessibility links

Кабулда шейіттерге шабуыл жасамақ болған күдіктілер ұсталды


Кабул. Көрнекі сурет.
Кабул. Көрнекі сурет.

Ауғанстанның барлау қызметінің басшылығы, шейіттерге шабуыл жасауды жоспарлаған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының 26 мүшесін ұстағандарын хабарлады. Күдіктілер, оның ішінде олардың жетекшісі қыркүйектің 18-і күні өткен арнайы операция кезінде ұсталған.

Барлау қызметі тратқан мәліметіне қарағанда, олар шейіттердің қасиетті күндерінің бірі – Ашурада өтетін мерекелік шаралар кезінде шабуыл жасамақшы болған.

«Ислам мемлекетінің» содырлары Ауғанстандағы шейіттерге бұған дейін де бірнеше рет шабуыл жасаған. «Ислам мемлекеті» Ауғанстандағы шейіттерді «жолдан тайғандар» деп біледі.

Бұл топ қыркүйектің 9-ы күні Кабулдағы шейіттер көп шоғырланған аудандағы спорт клубта болған жарылысты мойнына алған. Онда жарылыстан жиырмадан аса адам мерт болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG