Accessibility links

Түркістанда жүздеген көшеге атау берілді


Түркестандағы мешіт. 20 қыркүйек, 2018 жыл.
Түркестандағы мешіт. 20 қыркүйек, 2018 жыл.

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласындағы бұған дейін атауы болмаған 330 көшеге атау берілді. Бұл туралы Азаттыққа облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, "Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" және "Түркістан облысы Түркістан қаласының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы" облыстық мәслихат шешімін қоғамдық кеңес мақұлдап, Түркістан қаласындағы аты жоқ 330 көшеге қазақша атау берілген.

"Осыған сәйкес, облыс орталығында Күлтегін, Қазтуған жырау, Ханқорған, Алты Алаш, Мәңгілік Ел, Елім-ай, Болат хан, Күлтөбе сынды көшелер пайда болады" делінген хабарламада.

20 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы болып өзгертілді. Жарлыққа сай, Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG