Accessibility links

БҰҰ Қырғызстанды "қыз алып қашу тәжірибесі" үшін сынады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеті Қырғызстанды "қыздарды алып қашу, зорлау мен күштеп некеге тұрғызу тәжірибесіне жол беріп отыр" деп айыптап отыр.

Комитеттің екі мүшесі осы мәселеге қатысты арнайы тексеріс жүргізіп, қыркүйектің 18-і күні нәтижесін жариялаған. Тексеріс осыдан біраз бұрын 14 құқық қорғау ұйымы бірігіп, "Қырғызстан қыздарды алып қашқандарды лайықты жазаға тартып, жәбір көргендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасай алмай отыр" деп айыптағанан кейін басталған.

Женевада жасалған баяндамада жәбірленушілердің әділеттікке қол жеткізуіне олардың құқықтық сауатсыздығы мен көптеген лауазымды тұлғалардың біржақты көзқарасы кедергі болады деген тұжырым жасалған.

Комитет Қырғызстанды қыз алып қашу, зорлау мен оның алдын алу мақсатында заңнаманы жетілдіруге шақырады.

Комитеттің ұйғарымы бойынша Қырғызстан осы мәселеде атқарылған жұмыстарға қатысты 2019 жылдың наурызына дейін есеп беруі тиіс.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG