Accessibility links

Приморьеде губернатор сайлауы қайта өтуі мүмкін


Приморье өлкесі губернаторының сайлауы жөніндегі ақпараттық парақшалар. 16 қыркүйек, 2018 жыл
Приморье өлкесі губернаторының сайлауы жөніндегі ақпараттық парақшалар. 16 қыркүйек, 2018 жыл

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) басшысы Элла Памфилова Приморье өлкесі губернаторының сайлауын "жарамсыз" деп тану туралы ұсыныс айтты. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Памфилова бұл туралы бүгінгі Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлімдеген.

Памфилова ОСК-ға келіп түскен ақпараттардың негізінде осындай шешім қабылдаған. Олай болған жағдайда кезекті сайлау үш айдан кейін өтеді.

Приморьенің басшысы қызметін уақытша атқарып отырған Андрей Тарасенко, егер жаңадан сайлау өтетін болса өзінің оған қатыспайтынын мәлімдеді.

Ал сайлауға Коммунистік партия атынан түскен Андрей Ищенко губернатор сайлауының қайта өтуіне қарсы екенін айтты.

Примерье өлкесі губернаторының сайлауының екінші кезеңі қыркүйектің 16-сы күні өтті. Дауыстарды есептеу кезінде 5-6 пайыздық аралықпен Андрей Ищенко алда келген. Алайда, дүйсенбі таңертең алдын ала нәтиже шығып, «Единая Россия» атынан түскен кандидат Андрей Тарасенконың жеңгені хабарланды.

17 қыркүйектен бері Владивостокта сайлау нәтижесін бұрмалауға қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр. Сәрсенбіде заңсыздықтарды тексеру үшін Владивостокқа Орталық сайлау комиссиясының арнайы комиссиясы келді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG