Accessibility links

Азаттық радиосы Еуропа сотының шешімін қолдайды


Азаттықтың Украин қызметінің журналисі Наталья Седлецкая.
Азаттықтың Украин қызметінің журналисі Наталья Седлецкая.

Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты Азаттықтың Украин қызметінің тілшісі, "Схеми" бағдарламасының бас редакторы Наталья Седлецкаяның ұялы телефонын тыңдауға, ақпараттарын алуға шектеу қойып, Украина үкіметіне ескерткен шешім шығарды.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясы президенті Томас Кент Страсбург сотының шешімін қолдап, журналистердің дереккөз құпиялылығын сақтауға құқылы екенін айтты.

"Біз өз миссиясын жауапты әрі кәсіби түрде атқарып келе жатқан Наталья Седлецкаяны және өзге де журналистерімізді табанды түрде қолдай береміз " деді Томас Кент.

Бұған дейін Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты "39 ережені" іске қосып, Наталья Седлецкаяның телефонына 2018 жылдың 18 қыркүйек-18 қазан аралығында қойылған бақылауды алып тастау туралы шешім қабылдаған.

Наталья Седлецкая адвокаттары 10 қыркүйекте Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі сотына журналистің жемқорлыққа қарсы зерттеуінде айтылған дерекөздердің құпия сақталуын қамтамасыз ету үшін "39 ережені" қолдануды сұраған.

Седлецкаяны Украина Бас прокуратурасы мемлекеттік құпияны жариялады деп айтыптайды және Киевтің Печер аудандық сотына журналистің ұялы телефонынан соңғы 1,5 жылда жазылған барлық ақпаратты алуға рұқсат беруін сұрап, шағым жазған.

Седлецкая "Схеми" деп аталатын жемқорлық туралы зерттеу бағдарламасында Украинаның жоғары шенді қызметкерлері мен саясаткерлерінің ісі туралы айтқан.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымы әзірлеген сөз бостандығы индексінде Украина 180 елдің ішінде 101-орында тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG