Accessibility links

Ресейде халық саны жарты жылда 100 мың адамға азайған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде халық саны 2018 жылдың қаңтар-шілде айында 91 мың 900 адамға азайған. Бұл туралы Ресей статистикалық агенттігінің (Росстат) "Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жөніндегі" бюллетенінде айтылған.

Миграциялық өсімді есептемегенде халық саны 170 мың 500 адамға кеміген.

Мұнан бөлек 2018 жылдың соңғы жеті айында туу саны да азайған.

Росстат бұл көрсеткіш жыл соңына дейін сақталса, онда 2009 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш болады дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG