Accessibility links

Тесілген "Союз" кемесі ғарышта капсула қызметін атқарады


Халықаралық ғарыш станциясы құрамындағы Ресейдің "Союз МС-9" ғарыш кемесі. 24 маусым 2018 жыл.
Халықаралық ғарыш станциясы құрамындағы Ресейдің "Союз МС-9" ғарыш кемесі. 24 маусым 2018 жыл.

Ресейдің ғарыштағы тесілген "Союз МС-09" кемесі Халықаралық ғарыш станциясының құрамында ұша береді және ғарышкерлер жедел Жерге оралу керек болған жағдайда құтқару капсуласы орнына қолданылады. Ресейдің "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясы осындай шешім қабылдады.

4 қазанда үш астронавт ғарыш станциясына тіркелген екінші аппарт - "Союз МС-08" ғарыш кемесімен Жерге оралады. Бұдан соң, осыған дейін зақымдалған ғарыш кемесі 11 қазанда ғарыш станциясына жаңа екі астронавты бар келесі "Союз МС-10" кемесі қосылғанға дейін станциядағы жалғыз құтқару кемесі болып қалады.

"Энергия" корпорациясы станциядағы ауа шығып тұрған саңылау бітелгенін, қысым қалпына келтірілгенін мәлімдеді.

Халықаралық ғарыш станциясында 30 тамызға қараған түні ауаның сыртқа шығып жатқаны анықталған еді. Экипаж бұған ғарыш кемесіндегі микросызат себеп екенін анықтаған. Кейін ресейлік ғарышкерлер сызатты бітеген.

Бірнеше күн бұрын "Энергия" колрпорациясы "Союз" кемесі ғарышта емес, Жерде тесілген деген қорытынды жасаған. Корпорация мұны кемені жасау кезіндегі ақаудан көреді. Бұған дейін ресейлік "Коммерсант" газеті ғарыш кемесін "америкалық астронавтар тескен болуы мүмкін" деп топшылаған еді. Экипаж командирі америкалық Эндрю Фьюстел ол долбарды теріске шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG