Accessibility links

Шымкентте нан бағасы қымбаттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкентте бір бөлке нанның бағасы 10 теңгеге қымбаттап, 60 теңгеден сатыла бастады. Бұл туралы Азаттыққа қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкім баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы наубайханалар ассоциясы нан бағасының көтерілуін коммуналдық қызмет төлемі мен жанармайдың қымбаттауымен байланыстырады. Қалада 2016 жылдан бастап су 24,7 пайызға, электр қуаты 27,2 пайызға, АИ-92 маркалы жанармай 25, 2 пайызға қымбаттаған.

Наубайханалар ассоциясының төрағасы Әбдімәлік Көмекбаевтың сөзінше, наубайханалар қала әкімдігінің келісімімен бірнеше жыл нан бағасын көтермей келген.

Бұған дейін Шымкентте бір бөлке нан 50 теңгеден сатылып келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG