Accessibility links

WADA РУСАДА-ның аккредитациясын қайтарды


РУСАДА-ның Мәскеудегі офисі.
РУСАДА-ның Мәскеудегі офисі.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Ресей антидопинг агенттігінің (РУСАДА) статусын қалпына келтірді. Сейшель аралдарында өткен жиында WADA-ның тоғыз мүшесі РУСАДА аккредитациясын қайтаруды қолдап дауыс берген. Екеуі қарсы шыққан, біреуі қалыс қалған. Бұл туралы WADA сайты хабарлады.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2015 жылы Ресей спортында допинг қолдануды мемлекеттің қолдайтыны туралы есебін жариялаған. Бұл есептен соң WADA Ресей допингке қарсы агенттігінің аккредитациясын тоқтатқан.

2017 жылы 16 қарашада WADA РУСАДА-ны "ұйым кодексіне сай емес" деп, аккредитациясын қалпына келтіруден бас тартқан. Кремль бұл шешімді "әділетсіз" деп санайды. РУСАДА аккредитациясын қалпына келтіру туралы шешім қабылдау бірнеше рет кейінге қалдырылған. 2018 жылы мамырда Ресей допингке қарсы агенттігінің WADA талаптарына сай келмейтіні жарияланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG