Accessibility links

АҚШ "Вагнер" жеке әскери компаниясын "қара тізімге" енгізді


Евгений Пригожин, ресейлік бизнесмен.
Евгений Пригожин, ресейлік бизнесмен.

АҚШ арнайы қызметпен байланысы бар 33 ресейлік жеке және заңды тұлғаны "қара тізімге" енгізді. Бұл жөнінде АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады.

Аталған тізімге сарбаздары Украинаның шығысында және Сирияда соғысты делінген "Вагнер" жеке әскери компаниясы енген. Ресей мұндай құрылымның бар екенін теріске шығарып келеді. Сонымен бірге бұл құрылымның басты демеушісі, бизнесмен Евгений Пригожин де санкцияға ілінген (Пригожин осының алдында АҚШ Қаржы министрлігінің санкциясына ілінген). Тізімде Пригожин бақылауындағы "Конкорд" және "Интернет-зерттеу агенттігі" де бар. АҚШ бұл компанияларды 2016 жылы өткен президент сайлауына килікті деп айыптайды.

Тізімде сонымен бірге Ресей арнайы қызметімен байланысы бар деген азаматтар және "Оборонлогистика" мен Амурдағы Комсомольск қаласында ұшақ шығаратын зауыт та бар.

АҚШ енгізген санкцияға қару-жарақ шығаратын Қытай мемлекеттік компаниясы мен оның директоры да енген. Олар Ресейден Су-35 ұшағын және С-400 зымыран кешенін сатып алды деп айыпталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG