Accessibility links

Ресей Еуропа кеңесі құрамынан шығуды ойластырып жатыр


Валентина Матвиенко, Ресей Федерация кеңесінің төрайымы.
Валентина Матвиенко, Ресей Федерация кеңесінің төрайымы.

Ресей Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко Ресей жағы Еуропа кеңесі құрамынан шығу ықтималдығын қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Матвиенко Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) төрайымы Лилиан Мори Паскьемен кездесуінде хабарлады.

Валентина Матвиенконың сөзінше, Мәскеу Ресей ЕКПА-да дауыс беру құқығынан айырылғандықтан бұл ұйымдағы жағдайды "сын көтермейді" деп санайды. "Біз енді көп мәселеде лигитимділік барына күмән келтіріп отырмыз" деп мәлімдеді Федерация кеңесінің төрайымы.

Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялап алып, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдағаны үшін ЕКПА-да дауыс беру құқығынан айырылған. ЕКПА-дағы Ресей депутаттарына ассамблея жиындарына қатысып, сөз сөйлеуге және комитеттерде жұмыс істеуге ғана құқық берілген. Мәскеу бұдан соң қарсылық ретінде ЕКПА сессияларына қатысудан бас тартқан. 2017 жылы жазда Ресей Еуропа кеңесінің бюджетіне жарна төлеуді тоқтатқан.

Паскье бұған дейін Мәскеуді Украинаға қарсы басқыншылық саясат ұстанады және Ресейдегі демократиялық еркіндіктерді шектейді деп бірнеше рет сынаған. Дегенмен, ЕКПА басшысы Ресей билігімен ассамблея аясында диалогтың сақталғанын қолдайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG