Accessibility links

Вьетнам президенті "ауыр сырқаттан" қайтыс болды


Чан Дай Куанг, Вьетнам президенті.
Чан Дай Куанг, Вьетнам президенті.

Вьетнамның мемлекеттік ақпарат құралдары ел президенті Чан Дай Куангтың 21 қыркүйек күні 61 жасында ауыр сырқаттан қайтыс болғанын хабарлады. Reuters агенттігінің Вьетнамның мемлекеттік БАҚ-ына сілтеме жасап хабарлауынша, Чан Дай Куанг Ханойдағы орталық әскери ауруханада көз жұмды.

Чан Дай Куанг 2016 жылы сәуірде елдегі ең жоғарғы заң шығару органы - Ұлттық жиын депутаттарының 90 пайызының даусын иеленіп, президент болған. Ол бұған дейін қоғамдық қауіпсіздік министрі қызметін атқарған.

Ол министр болып тұрған кезде вьетнамдық саяси белсенділер мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары оппозиция өкілдерінің қудаланғанына байланысты қоғамдық қауіпсіздік министрлігін бірнеше рет сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG