Accessibility links

Танзанияда паром аударылып, ондаған адам қаза тапты


Виктория көлінде паром аударылған жердегі адамдарды құтқару операциясы. Танзания, 21 қыркүйек 2018 жыл.
Виктория көлінде паром аударылған жердегі адамдарды құтқару операциясы. Танзания, 21 қыркүйек 2018 жыл.

Танзанияда паром аударылып, 100-ден астам адам қаза тапты. Танзания мемлекеттік БАҚ-ының хабарлауынша, жолаушылар паромы Танзания, Кения және Уганда аумақтарында орналасқан ірі тұщы су қоймасы - Виктория көлінде аударылды.

Танзанияның Мванза аймағының губернаторы Джон Монгелла 21 қыркүйек күні таңертең кеме апатынан 79 адам қаза тауып, 37 адам құтқарылғанын хабарлаған еді. Соңғы мәлімет бойынша, ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Оқиға кезінде паромда нақты қанша адам болғаны әзірге белгісіз. Мұндай паромдарда көп жағдайда адам лық толы болады және ол жүздеген жолаушы тасиды. Болжам бойынша, паром апатқа ұшырарда 300-ден астам адамды тасымалдап бара жатқан.

Танзанияның кемелерге қызмет көрсететін электр, механикалық және сервистік қызмет көрсету агенттігі паромның 20 қыркүйек күні күндіз Мванза маңында аударылғанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG