Accessibility links

Дзюдошы Серікжанов әлем чемпионатында күміс алды


Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Бакудегі әлем чемпионатында. (Сурет авторы - Әйгерім Тоқсанбек).
Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Бакудегі әлем чемпионатында. (Сурет авторы - Әйгерім Тоқсанбек).

Дзюдодан Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ерлан Серікжанов 66 келіде күміс жүлде алды.

Әлемдік рейтингіде 36-орында тұрған Серікжанов финалда жапониялық Хифуми Абеден (әлемдік рейтингіде 2-орында) жеңілді.

Қазақстан балуаны ширек финалда моңғолиялық Херлен Ганболдты (5), жартылай финалда әлемдік рейтингінің лидері израильдік Таль Фликерді иппон әдісімен (таза жеңіс) жеңді.

Ерлан Серікжанов (көк формада) израильдік Таль Фликермен белдесіп жатыр.
Ерлан Серікжанов (көк формада) израильдік Таль Фликермен белдесіп жатыр.

23 жастағы Серікжанов ересектер арасындағы әлем чемпионатына алғаш рет қатысты.

Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль алған. Әлем біріншілігі 27 қыркүйекте аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG