Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко жұма күні Сочи қаласындағы «Бочаров ручей» резиденциясында кездескен. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Путин Лукашенкоға Мәскеу мен Минск арасында ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларына қатысты қалыптасқан даулы мәселелерді талқылап, реттеуді ұсынған. Кездесуде Беларусь пен Ресей үкіметтерінің жетекшілері де қатысқан.
Даулы мәселелер қатарында Ресейдің Беларусь елінен құрғақ сүт өнімдерін әкелуге салған тыйым да бар, бұл шара ресейлік кондитерлік өнім шығарушыларға қиын тиді деп хабарлайды агенттік. Олар тапшы шикізатты ала алмай отырғандарын, Ресейдің өзінде тиісті сападағы құрғақ сүттің жетіспейтіндігін және де оның бағасы Беларусь өнімінен 15-20 пайыз қымбат екенін айтады.
ПІКІРЛЕР