Accessibility links

Трамп "Ресейдің килігуі" жайлы материалдарды жариялауды кейінге қалдырды


АҚШ президенті Дональд Трамп. Лас-Вегас, 20 қыркүйек 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп. Лас-Вегас, 20 қыркүйек 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Америкада 2016 жылы өткен президент сайлауына Ресейдің ықтимал араласуы туралы тергеу материалдарының кейбірін жариялауды кейінге қалдырды. Трамп бұл туралы қыркүйектің 21-і күні Twitter әлеуметтік желісі арқылы хабарлаған.

"Мен редакциялаудан өтпеген кейбір материалдарды қоғамға ашық етуге қатысты Әділет министрлігі өкілдерімен кездестім. Олар жариялауға келісті, бірақ бұл тергеуге кері әсер етуі мүмкін деп мәлімдеді. Бұған қоса, маңызды одақтастар оларды жарияламауды өтінді", - деп жазған Трамп.


Президент Әділет министрлігінен әлгі құпия құжаттарды қоғамға ашық жасау үшін оларды мүмкіндігінше тезірек зерттеп шығуды сұрағанын айтқан.

Ақ үй бұған дейін Трамптың Әділет министрлігі мен ұлттық барлау директорының аппаратына АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллердің жетекшілігімен Ресейге қатысты жүріп жатқан тергеу жайлы редакцияланбаған кей материалдарын жариялау туралы тапсырма бергенін хабарлаған. Ол материалдардың кейбірі президенттік сайлау науқаны кезінде Трамптың көмекшісі Картер Пейджді аңдуға қатысты деп хабарлайды Deutsche Welle.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG