Accessibility links

Қазан соты балаларға зорлық-зомбылық жасалған орталықты жапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей құрамындағы Татарстанның астанасы Қазан қаласында сот шешімімен "Символ жизни" деп аталатын кәмелеттік жасқа толмағандарды оңалту орталығы жұмысын тоқтатты. Бұл орталықта тәрбиеленген балалар қызметкерлер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы шағым айтқан болатын. Бұл туралы Азаттықтың Орыс қызметіне жәбірленушілердің мүддесін қорғайтын заңгер Андрей Сучков айтты.

Адвокаттың сөзінше, қазіргі таңда оңалту орталығында ешбір бала қалмаған болуы тиіс. "Символ жизни" орталығы өкілдері сот отырысына келмеген.


Аталған орталық қызметкерлерінің үстінен «Өзін өзі өлтіру халіне дейін жеткізу», «Кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипатттағы зорлық іс-әрекеттер жасау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Орталықта тәрбиеленген балалар өздерін тыржалаңаш күйі көшеде жүгіруге мәжбүрлегенін, мұздай суық су құйғанын айтқан. Жасөспірімдерді бірнеше тәулік бойы бір-біріне байлап қойған. Соның салдарынан балалар әжетті бірге өтеуге мәжбүр болған. Сонымен бірге, 16 жастағы қызды ер адамдардың алдында тыржалаңаш шешінуге мәжбүр еткені мәлім болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG