Accessibility links

БАҚ: Қытай АҚШ-пен сауда келісімін өткізуден айныды


 АҚШ пен Қытай тулары. (Көрнекі сурет.)
АҚШ пен Қытай тулары. (Көрнекі сурет.)

Пекин бұл шешімді АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі қытай тауарларына баж салығын ұлғайтқаннан кейін қабылдаған. Бұл туралы америкалық Wall Street Journal басылымы хабарлады.

Газеттің жазуынша, Қытай жақын күндері Вашингтонға бармақшы болған екі бірдей делегациясын жібермеуді ұйғарған. Келіссөздердің қай уақытқа шейін шегерілгені әзірше белгісіз.

Қыркүйектің 18-і күні президент Трамп Қытайдан келетін тауарларға жаңа баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойған. Келесі аптадан бастап күшіне енетін бұл жарлық Қытайдан келетін 200 миллиард доллардың тауарына әсер етеді. Трамп өз шешімін Пекин сауданы әділетсіз жүргізіп отыр және америкалық компаниялдарды құнды технологияларды беруге мәжбүрлейді деп түсіндірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG