Accessibility links

Назарбаев Чан Дай Куангтың қазасына байланысты көңіл айтты


Қазақстан президентінің резиденциясы - Ақорда. Астана, 6 шілде 20180 жыл.
Қазақстан президентінің резиденциясы - Ақорда. Астана, 6 шілде 20180 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам президенті Чан Дай Куангтың қайтыс болуына байланысты Вьетнам Ұлттық жиналысының жетекшісі Нгуен Тхи Ким Нганға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Осы қайғылы сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, Сізге, марқұмның отбасына және туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын» делінген жеделхатта.

Назарбаев Чан Дай Куангты бар ғұмырын Вьетнамның дамуы мен өркендеуіне, халықаралық аренадағы беделін арттыруға арнаған адам ретінде сипаттаған. «Ол елдеріміз арасындағы достық және серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті қайраткер ретінде қазақстандықтардың есінде қалады», – делінген жеделхатта.


Бұған дейін Вьетнам мемлекеттік баспасөзі ел президенті Чан Дай Куангтың 21 қыркүйек күні 61 жасында «ауыр сырқаттан қайтыс болғанын» хабарлаған. 2016 жылы сәуірде елдегі ең жоғарғы заң шығару органы - Ұлттық жиын депутаттарының 90 пайызының даусын иеленіп, президент болғанға дейін ол Вьетнам қоғамдық қауіпсіздік министрі қызметін атқарған.

Чан Дай Куанг министр болып тұрған кезде вьетнамдық саяси белсенділер мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары оппозиция өкілдерінің қудаланғанына байланысты қоғамдық қауіпсіздік министрлігін бірнеше рет сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG