Accessibility links

Иранда әскери парад кезінде бірнеше адам оққа ұшқан


Әскери парад кезінде қарулы шабуыл болған жер. Ахваз, Иран, 22 қыркүйек 2018 жыл.
Әскери парад кезінде қарулы шабуыл болған жер. Ахваз, Иран, 22 қыркүйек 2018 жыл.

Иранның Ахваз қаласында әскери парад өтіп жатқан кезде қарудан оқ атып, салдарынан бірнеше адам қаза тауып, 20 шақты адам жараланған. Бұл туралы Иран мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап Reutres хабарлады. Нақты құрбандар саны әзірше белгісіз.

Алдын ала мәліметтер бойынша, белгісіз біреулер парад өтіп жатқан жерде орнатылған сахнаның сыртынан оқ жаудырған. Мемлекеттік БАҚ қарулы шабуылға радикалдық діни идеология ұстанушылар – тәкпіршілер жауапты деп хабарлады.


Бүгін Иранның бірнеше қаласында 1980-1988 жылдары Иракпен арада болған соғыстың аяқталғанына отыз жыл толуына арналған әскери парадтар өтіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG