Accessibility links

Лейбористер қайта референдум өткізуді қолдауы мүмкін


Ұлыбритания лейбористік партиясы лидері Джереми Корбин.
Ұлыбритания лейбористік партиясы лидері Джереми Корбин.

Ұлыбритания лейбористік партиясы елдің Еуропа Одағынан шығу мәселесі бойынша қайта референдум өткізуді қолдауы мүмкін. Партия лидері Джереми Корбин бұл идея жексенбі күні Ливерпульде басталатын партия конференциясында талқыға түсетінін растады.

Корбиннің өзі қайта референдум өткізуді емес, Қауымдар палатасына кезектен тыс сайлау өткізуді қолдайтынын мәлімдеген. Оның пікірінше, лейбористер үкіметі билікке келсе, Еуропа Одағымен Брекзистке қатысты қолайлы шартпен мәміле бекітуге қабілетті.


Жексенбі күні Sunday Times басылымы осы аптада Еуропа Одағы лидерлері Брекзитке қатысты ұсынысын қабылдамай қойғаннан кейін британ премьер-министрі Тереза Мэй де мерзімінен бұрын парламент сайлауы туралы ойланып жүр деп жазды. Басылымның хабарлауынша, кезектен тыс сайлау биыл қарашада өтуі мүмкін. Брекзит мәселесі бойынша министр Доминик Рааб кезектен тыс сайлау өткізу жоспарланып отырған жоқ деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG