Accessibility links

Рим папасы Литвада нацизм мен коммунизм құрбандарын еске алды


Рим папасы Франциск Вильнюсте. Литва, 22 қыркүйек 2018 жыл.
Рим папасы Франциск Вильнюсте. Литва, 22 қыркүйек 2018 жыл.

Рим папасы Франциск жексенбі күні совет билігі мен германиялық нацистер қолынан қаза тапқан және зардап шеккен литвалықтарды еске алды деп хабарлайды Associated Press. Понтифик нацистер мен оларға қызмет еткен литвалықтардың құрбанына айналған еврейлерге айрықша көңіл бөлді.

Литвада Рим папасы 1941-1944 жылдар аралығында еврей қауымы түгелге дерлік жойылған Каунас қаласында болды. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында бұл қаладағы 37 мың литвалық еврейден тек үш мың адам ғана тірі қалған. Папа қатысқан шара қыркүйектің 23-і – жыл сайын Литвада нацизм мен коммунизм құрбандарын еске алу күні өтті.

Литва президенті Даля Грибаускайте Рим папасына Ватиканнның антисоветтік қозғалысқа көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты. Оның сөзінше, қазіргі кезде Литваға «агрессия мен жалғандықтың маңында» өмір сүруге тура келіп тұр. Мемлекет басшысы Холокост кезінде еврейлерді құтқару үшін күрескендерге құрмет көрсетті.


Рим папасы Франциск Балтық бойы елдеріне төрт күндік жұмыс сапарын қыркүйектің 22-і күні Литвадан бастаған. Бұл Ватикан басшысының соңғы ширек ғасырда осы елдерге жасаған алғашқы сапары. Бұған дейін Литва, Латвия және Эстония тұрғындарына арнап жасаған видеоүндеуінде Рим папасы бұл жолғы сапары осы елдердің тәуелсіздігін жариялағанына жүз жыл толуымен тұспа-тұс келетінін айтқан. «Азаттық – үнемі қорғауды қажет ететін және болашақ ұрпаққа құнды мұра ретінде берілетін қазына», - деген Рим католик шіркеуінің басшысы.

Балтық бойындағы елдердің үкіметтері СССР құрамында болған 50 жылдық кезеңді «оккупация» деп атайды. Мәскеу онымен келіспейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG