Accessibility links

Түркіменстан президенті ТМД саммитіне қатыспайды


ТМД елдері басшылары Мәскеуде өткен саммит кезінде. 24 желтоқсан 2017 жыл.
ТМД елдері басшылары Мәскеуде өткен саммит кезінде. 24 желтоқсан 2017 жыл.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Душанбеде 27-28 қыркүйекте өтетін (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы) ТМД басшыларының саммитіне қатыспайды. "Бейтарап Түркіменстан" ресми газетінің жазуынша, саммитке елдің вице-премьері барады.

Түркімен президенті 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа аттанады.

ТМД төрағалығы бұл жолы Тәжікстаннан Түркіменстанға өтеді. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзі төрағалық еткен жылдарға есеп беріп, басқару тізгінін енді бейресми түрде Түркіменстан үкіметіне тапсырады. Ашхабад билігі ТМД-ның даму тұжырымдамасын жариялауы тиіс.

Саммитке ТМД елдері - Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Өзбекстан президенттері қатысады деп жоспарланған.

Әзірге ресми Киев Украина басшысының саммитке қатысатыны, я қатыспайтыны туралы жауап бермеді. Украина ТМД құрамынан шығатыны туралы мәлімдегенімен, әлі заңды түрде ТМД мүшесі.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG