Accessibility links

АҚШ: Ресей Украина мен Сирияда "іске жарайтынын" дәлелдей алмады


Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Мәскеумен қарым-қатынасты жақсартуға талпынғанына қарамастан, Ресей Украина және Сирия мәселесінде өзінің "іске жарайтынын" дәлелдей алмады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео NBC телеканалына берген сұқбатында мәлімдеді.

"Президент екіжақты қарым-қатынасты жақсартуға тырысты, бірақ біз қазіргі кезде ондай жетістікке жете алмадық" деді мемлекеттік хатшы.

Ол АҚШ пен Ресейдің кейбір мәселелер бойынша мүдделері сәйкес келгенімен, екі елдің құндылықтары мүлдем бөлек екенін айтты.

Майк Помпеоның мәлімдемесі Мемлекеттік департамент санкция тізіміне 33 ресейлік жеке және заңды тұлғаны енгізгеннен кейін, Қытайға Ресейден Су-35 ұшақтары мен С-400 зенит-зымыран кешенін сатып алғаны үшін санкция салған соң шықты.

"Қара тізімге" енген ресейліктердің арнайы қызметпен байланысы бар делінеді. Олардың ішінде барлау қызметінің офицерлері мен "Интернет-зерттеу агенттігінің" мүшелері бар. Сонымен бірге, "Оборонлогистика" кәсіпорны мен Амурдағы Комсомольск қаласында ұшақ шығаратын зауыт басшылары да санкция тізіміне ілінген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG