Accessibility links

Белсенділер экологиялық ахуалды қадағалауға қаржы бөлуді ұсынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды облысында экологиялық проблемаларды шешетін әрі тұрақты жұмыс істейтін "Жасыл кеңес" құруды ұсынды. Жоспар бойынша, кеңеске билік пен қоғам өкілдері кіреді. Бұған дейін арнайы кеңес құруды аймақтағы экологиялық ахуал нашар екенін айтып жүрген тәуелсіз экологтар мен экобелсенділер көтерген. Экобелсенділер арнайы кеңес құруды биліктің қоғам өкілдерімен ынтымақтастық орнатудағы алғашқы батыл қадамы деп бағалайды.

Экологтар мен экобелсенділердің бастамашыл тобы жедел "сауықтыру шараларын" қабылдау керегін айтады. Олар аймақтың негізгі экологиялық проблемалары - ағаштарды күтіп-баптау жөніндегі заңнаманың бұзылуы, жасыл желектің азаюы, мемлекеттік органдардың ағаш кесуге рұқсат берудегі әрекетсіздігі, ағаш отырғызу жоспары мен ағаштарды баптау жұмыстарының толық орындалмауы, қала аумағындағы рұқсатсыз қоқыс пен зиянды қалдықтар төгу, табиғатты қорғау шараларына қаржының жеткілікті бөлінбеуі деп біледі.

- Бұлардың шешімі ретінде қоғамдық экологиялық бақылауды қаржыландыру, жасыл желекті күтіп-баптау ережелеріне өзгерістер енгізу, заң бұзушыларды жауапқа тарту туралы меморандум қабылдау, тұрғындардан қауіпті қалдықтарды жинайтын контейнерлер қою және оларды зарарсыздандыру, табиғатты қорғау шараларына жұмсалатын қаржыны көбейтуді ұсынамыз, - деді "Қарағанды облыстық экологиялық мұражай" қоғамдық қорының даму жөніндегі диекторы Дмитрий Калмыков.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев таяуда Қарағанды облысына жұмыс сапарында жергілікті шенеуніктерге аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту шараларын жасауды тапсырған. Осыдан кейін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов экологтарға ортақ "Жасыл кеңесін" құруды ұсынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG