Accessibility links

Путин мен Нетаньяху Сирияға зымыран жеткізуді талқылады


С-300 зенит-зымыран кешені.
С-300 зенит-зымыран кешені.

Ресей президенті Владимир Путин мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Сирияға С-300 зенит-зымыран кешендерін жеткізуді талқылады. Кремльдің хабарлауынша, екі ел басшылары телефонмен Израиль басшылығының бастамасы бойынша сөйлесті.

Путин Нетаньяхумен әңгімесінде Мәскеу қабылдаған шешім Сириядағы жағдайға сай келеді деп айтты.

Нетаньяху C-300 зымыранын "жауапсыз адамдарға" беру аймақтағы қауіпсіздікке кері әсерін тигізіп жатыр деді. Ол Израиль өзінің мүддесін қорғайтынын айтты.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон Ресей Сирияға С-300 зенит-зымыран кешендерін жеткізу арқылы елдегі жағдайды "одан ары шиеленістіретінін" мәлімдеді. Ол Мәскеудің бұл шешімін "қателік" деп атады.

Таяуда Сирия әуе-қорғанысы күштері Израиль әскери-әуе күштерінің әрекетінен Ресейдің Ил-20 әскери ұшағын атып түсіріп, ұшақта болған 15 адам қаза тапқан.

Осыған дейін Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей екі апта ішінде Сирия президенті Башар Асад армиясына С-300 зенит-зымыран кешенін жіберетінін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG