Accessibility links

Түркіменстанда мыңдаған адамға рақымшылық жасалды


Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті.
Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті.

Түркіменстан үкіметі 1700-ден астам адамға рақымшылық жасап, 700-ден астам адамға азаматтық берген. Бұл жөнінде 24 қыркүйекте ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында айтылды.

Түркіменстан үкіметінің кеңейтілген отырысы Халық мәслихаты отырысының ашылуы өтетін күні (Халық кеңесі) болды. Бірақ халық кеңесінің отырысы белгісіз себеппен өтпей қалды.

Мұның орнына дүйсенбі күні Түркіменстанның мемлекеттік телеарналары министрлер кабинетінің отырысынан хабар таратты. Онда 1722 адамға рақымшылық жасалғаны және 740 адамға Түркіменстан азаматтығын беру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған.

Орталық Азия елдері арасында адам санына шаққанда ең көп тұтқын Түркіменстанда. Бірақ соңғы жылдары авторитар басшы Гурбангулы Бердімұхамедов рақымшылық жасауды дәстүрге айналдырып келеді. Ол соңғы рет биыл мұсылмандардың Рамазан айындағы Қадір түні құрметіне 611 сотталушыға рақымшылық жасаған.

Бірақ мұндай рақымшылықтарға әдетте саяси себеппен сотталған тұтқындар ілікпейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG