Accessibility links

Түркістан облысы: "Оқулықты жалға берген" кітапханашы жұмыстан шығарылды


Мектеп оқулықтары (Көрнекі сурет).

Түркістан облысы Төле би ауданының Шахта Тоғыз ауылындағы 8-мектепте "оқушыларға оқулықтарды жалға берген" кітапханашы жұмыстан босатылып, мектеп директоры мен сынып жетекшісіне тәртіптік шара қолданылды. Бұл туралы Азаттыққа аудандық білім бөлімінің бас маманы Нұрлан Қырбасов хабарлады.

Видео: Түркістан облысында оқулықтар жалға берілген

Түркістан облысында оқулықтар жалға берілген
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:42 0:00

Бас маманның айтуынша, "8-мектепте оқушыларға оқулықтарды жалға беріп жатыр" деген хабар түскеннен кейін аудандық білім бөлімі ішінара тексеру үшін арнайы комиссия құрған. 2-сыныпта оқитын 27 оқушының 12-сіне кітап жетпегені анықталған. Кітапханашы аудандағы Биболатұлы атындағы орта мектептен осы оқушыларға оқулық алып келіп, әрбірін 400 теңгеден жалға берген.

- Кітапханашы оқулықтарды алып келу үшін өз қалтасынан ақша шығарған. Содан кейін оқулықтарды жалға беретіні туралы айтқан. Бұл туралы мектеп директорына да, білім бөліміне де хабарламаған. Нәтижесінде кітапханашы жұмыстан босатылды, мектеп директоры Бауыржан Сүйлейменов пен оқулықтарды жалға беру туралы ата-аналарға айтқан сынып жетекшісіне тәртіптік шара қолданылып, сөгіс жарияланды, - дейді Нұрлан Қырбасов.

Бұдан бұрын 8-мектеп оқушыларының ата-аналары мектепте әрбір оқулықты 400 теңгеден жалға беріп жатқанын айтып, шағымданған еді.


  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG