Accessibility links

Берлин полициясы Петр Верзиловке күзет қойды


Берлиндегі ауруханада жатқан Петр Верзиловтің (ортада) ата-анасымен кездескен сәті. Германия, 22 қыркүйек 2018 жыл.
Берлиндегі ауруханада жатқан Петр Верзиловтің (ортада) ата-анасымен кездескен сәті. Германия, 22 қыркүйек 2018 жыл.

Берлин полициясы Pussy Riot панк-тобының мүшесі әрі "Медиазона" порталының шығарушысы Петр Верзиловті күзетке алды. Германиялық Bild басылымының жазуынша, Верзиловтың туыстары әлдебір белгісіз адамдардың оны аңдып жүргеніне шағымданған.

Pussy Riot тобының өкілі Надежда Толоконникованың сөзінше, Верзиловтың туыстарын полиция қарауылдап жүр, үйлеріне күзет қойылған.

Петр Верзилов 11 қыркүйек күні көзі көрмей, сөйлей алмай, өздігінен жүре алмай қалып, аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Мұның алдында ол серігі Вероника Никульшинаға қатысты әкімшілік іс бойынша сотқа қатысып шыққан. 15 қыркүйекте Верзиловті Берлинге емдеуге алып кеткен. Белсендінің жақындары оны улаған болуы мүмкін деп топшылайды. Берлиндегі аурухана дәрігерлері де мұны қолдап отыр.

БАҚ-тың хабарлауынша, Верзиловті Орталық Африка Республикасында (ОАР) қаза тапқан журналистер өлімін зерттегеніне байланысты қастықпен улаған болуы мүмкін.

Шілденің соңында ОАР-да ресейлік журналистер Орхан Джемаль, Александр Расторгуев және Кирилл Радченконы өлтіріп кеткен. Олар оппозициялық саясаткер Михаил Ходорковскийдің Зерттеулерді басқару орталығына арнап Ресейдің "Вагнер" жеке әскери компаниясы туралы фильм түсіріп жүрген. "Вагнер" компаниясының Ресей президенті Владимир Путиннің жақын досы, бизнесмен Евгений Пригожинмен байланысы бар делінеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG