Accessibility links

Белсенді мен Алматы әкімдігі арасындағы сот аяқталды


Алматы тұрғыны Әлнұр Ильяшев (сол жақта) қала әкімдігіне қарсы шағымы бойынша сотта сөйлеп тұр. Алматы, 25 қыркүйек 2018 жыл.
Алматы тұрғыны Әлнұр Ильяшев (сол жақта) қала әкімдігіне қарсы шағымы бойынша сотта сөйлеп тұр. Алматы, 25 қыркүйек 2018 жыл.

Алматының Бостандық аудандық соты қала әкімшілігін митинг өткізуге рұқсат беруден бас тартқаны үшін сотқа берген тұрғын Әлнұр Ильяшевтің шағымын қанағаттандырудан бас тартты.

Әлнұр Ильяшев бұған дейін Алматы қаласының ішкі саясат басқармасына қалада Ішкі істер министрлігін реформалау талабымен митинг өткізу туралы 32 рет өтініш түсіргенін айтады. Бірақ басқарма түрлі себепті алға тартып, оның өтініштерінің бір де біріне рұқсат бермеген. Бұдан соң Ильяшев конституцияда кепілдік берілген митинг өткізу құқығы бұзылғанын айтып, ішкі саясат басқармасының үстінен сотқа шағымданған. Ол шағымында ішкі саясат басқармасының митинг өткізуге рұқсат бермеуін заңсыз деп тануды сұраған.

Бостандық аудандық сотының судьясы Раушан Тұрсынбаева оның шағымын қанағаттандырмады.

Әлнұр Ильяшев сот шешіміне апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Әлнұр Ильяшев Ішкі істер министрлігін реформалауды талап етіп митинг өткізу туралы өтініштерін шілденің ортасында Алматыда спортшы Денис Тен кісі қолынан қаза тапқаннан кейін бергенін айтады.

Сотқа жауапкер тарап - әкімшіліктен келген үш адам сотқа қатысты комментарий бермеді. Олар сонымен қатар Азаттық тілшісінің "Митинг өткізуге рұқсат беру туралы өтініш қаншалықты жиі түседі және олардың қаншауына рұқсат берілді?" деп сұрады. Бірақ әкімдік өкілдері бір-біріне сілтеп, бұл сұраққа жауап бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG