Accessibility links

"Болашақ" стипендиаттарының тізімі жарияланды


Шетелде оқып жүрген қазақ студенттері
Шетелде оқып жүрген қазақ студенттері

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша 142 үміткер "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанған. Бұл туралы 25 қыркүйекте “Халықаралық бағдарламалар орталығы” хабарлады. Стипендиаттардың тізімін ұйымның ресми сайтынан көруге болады. Биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша 555 грант бөлінген.

"Болашақ" бағдарламасы - қазақстандықтарға әлем елдерінің жоғары оқу орындарында оқуға, мекемелерінде тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін бағдарлама.

Оқи отырыңыз: Францияда оқыған қазақстандық жастың арманы

Бұл бағдарлама бойынша құжат қабылдау бірнеше кезеңмен жүреді: көктемде, жазда және күзде. 1993 жылдан бері "Болашақ" бойынша 13 мыңнан астам қазақстандық білім алып, тәжірибе жинақтаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG