Accessibility links

Қырғызстан әлеуметтік желідегі террорлық ұйымдар аккантттарын жабады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан соты Бас прокуратураның Twitter-дегі 19 аккаунтты бұғаттау жөніндегі шағымын қанағаттандырды. Бұл жөнінде лицензиялық бақылау мекемесінің басшысы Нұрлан Акунов мәлімдеді.

Оның сөзінше, аталған аккаунттар "Ислам мемлекеті", "Әл-Қаида", "Жавхат-ан Нусра" сияқты террорлық ұйымдардікі.

Сот шешімі туралы хат байланыс операторларына жолданған. Бірақ Акунов жеке аккаунтарды бұғаттауға техникалық мүмкіндік жетіспейтінін айтады.

"Біз Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура өкілдерімен кездесіп, тығырықтан шығу жолдарын іздедік. Facebook, Twitter және Instagram-да құқық қорғау органдарына арналған басшылық бар екен. Ішкі істер миинстрлігі немесе қауіпсіздік комитеті Twitter әкімшілігіне өтініш жасайтын шығар" деді Акунов.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG