Accessibility links

Армения экс-президенті Кочарян премьер Пашинянді сотқа берді


Роберт Кочарян, Армения экс-президенті.
Роберт Кочарян, Армения экс-президенті.

Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян ел премьері Никол Пашинянді "көптің көзінше жала жапты" деп айыптап, сотқа берді. Бұл туралы Кочаряннің адвокаты Арам Орбелян хабарлады. Кочарян бұған дейін 2008 жылы елдің конституциялық құрылымын құлатпақ болды деп айыпталған.

"Премьер-министр Никол Пашинян көпшілік алдында 2008 жылдың 1 наурызындағы жағдайға қатысты жасаған мәлімдемесінде Роберт Кочаряннің абыройы мен қадыр-қасиетіне тіл тигізетін сөз айтты. Кочарян өзінің абыройы мен қадыр-қасиетін қорғауды талап етіп, сотқа шағымданды" деді Орбелян.

Бұған дейін Пашинян Кочарянді 2008 жылдың 1 наурызында қарсылық акцияларын басу кезінде "10 адамның қазасына қатысы бар" деп айыптаған. 26 шілдеде Арменияның арнайы тергеу қызметі Кочарянді "2008 жылы елдің конституциялық құрылымын күшпен құлатпақ" болды деп айыптап, соттан оны қамауға алуды сұраған.

27 шілдеде бұрынғы президент сот шешімімен қамауға алынған. 13 тамызда Ереванның апелляциялық соты конституция бойынша Кочаряннің тиіспеу құқығы барына байланысты оны босатуға шешім шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG