Accessibility links

Ресей Қазақстанға жүздеген тонна "қауіпті" өнімді қайтарды


көрнекі сурет.
көрнекі сурет.

Ресейдің Федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметі (Россельхознадзор) 245,4 тонна тауарды Ресейден Қазақстанға қайтарды. Ведомство ресми сайтының хабарлауынша, 22-24 қыркүйек күндері Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Омбы облысы бойынша шекара басқармасының қызметкерлері Қазақстаннан фитосанитарлық қаупі жоғары карантин жарияланған өнімдерді заңсыз кіргізудің жолын кескен.

Ресейге жеткізілген ауылшаруашылығы өнімінің фитосанитарлық сертификатында оны кім өндіргені жөнінде және таңбалауы туралы ақпарат болмаған. Сол себепті өнімнің қайдан шыққаны анықталмаған.

Бұндай заң бұзушылық Қырғызстаннан жеткізілген 52,5 тонна азық-түлікті тексеру кезінде де анықталған. Сонымен қатар өзбекстандық тауар жеткізушілерде өнімнің қай елден шыққаны туралы фитосанитарлық сертификат көшірмелері болмаған.

"Ресейдің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Карантинге алынған өнімдерді кіргізу және шығару тәртібін бұзу" туралы бабына сай, Ресей аумағына карантинге алынған өнімді кіргізу ережесін бұзу фактісі бойынша тасымалдаушылар әкімшілік жауапқа тартылды" делінген Россельхознадзор хабарламасында.

Өнім Омбы және Новосибирск облыстары мен Красноярск өлкесі аумағында сатуға апарылған.

Тамыздың басында Россельхознадзор мекемесі Қазақстан Ресейге карантинге алынған өнімдерді жеткізуде Еуразия экономикалық одағы мен Ресейдің фитосанитарлық талаптарын жиі бұза бастағанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG