Accessibility links

ІІМ: Алматыда полиция қызметкері әріптесіне оқ атты


Алматы полициясы (Көрнекі сурет).
Алматы полициясы (Көрнекі сурет).

Алматыда полиция қызметкері әріптесіне оқ атты деп хабарлады Ішкі істер министрлігіне (ІІМ) сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Министрліктің баспасөз хатшысы Алмас Садубаевтың айтуынша, 26 қыркүйек күні жергілікті полиция қызметінің инспекторы әріптесіне қару қолданып, жаралаған. Зардап шеккен полицей ауруханаға түскен.

Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Қазақстанда қыркүйекте полиция қызметкерлерінің бір-бірін ату оқиғасы осымен екінші рет болып отыр. 6 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінде ішкі істер министрлігі мамандандырылған күзет қызметінің 32 жастағы взвод командирін жұмыс орнында атып өлтіріп кеткен. Бұл қылмысқа күзет қызметінің 24 жастағы сержанты күдікті деп танылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG