Accessibility links

Израиль премьері: Иранда "құпия ядролық қойма" бар


Израиль премьері Биньямин Нетаньяху БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінде Иранның "құпия ядролық қоймасының" суретін көрсетіп тұр. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2018 жыл.
Израиль премьері Биньямин Нетаньяху БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінде Иранның "құпия ядролық қоймасының" суретін көрсетіп тұр. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2018 жыл.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранның Тегеран түбінде "құпия ядролық қоймасы" барын мәлімдеді. Бұл туралы ол Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясындағы сөзінде баяндап, оған дәлел ретінде "ядролық қойманың" суреттерін көрсетті. Нетаньяхудың сөзінше, "құпия қоймада" тонналаған ядролық материалдар мен құрал-жабдық бар. Израиль премьері халықаралық бақылаушыларды осыған тексеру жүргізуге шақырды. Ол Еуропа елдері Иранға қарсы санкция салған АҚШ-ты қолдауы тиіс екенін айтты.

Бұның алдында БҰҰ-да сөйлеген АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон осы жылдың соңында Иранға жаңа санкциялар салатынын ескертті. АҚШ пен Израиль Тегеран 2015 жылы әлемдік державалармен жасасқан "ядролық келісімді" атом бомбасын жасауға ресурс жинауға пайдаланды деп біледі. Мамыр айында Вашингтон келісімнен шығып, Иранға қарсы санкция салатынын жариялаған және одақтастарын Ираннан мұнай сатып алмауды талап еткен.

26 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын бұзған елдерге "салдары ауыр болатынын" ескертті. Бұдан бұрын Еуропа Одағы АҚШ санкциясын айналып өту үшін Иранмен есеп айырысатын арнайы қаржы институтын құратыны хабарланған. Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей мен Қытай Тегеранның "ядролық келісім" шарттарын орындап отырғанын растаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG