Accessibility links

Нидерланд полициясы бірнеше терактінің алдын алды


Амстердамдағы Нидерланд полициясы (Көрнекі сурет).
Амстердамдағы Нидерланд полициясы (Көрнекі сурет).

Нидерланд полициясы бірнеше теракт жасауға дайындалды деген күдікпен жеті адамды ұстады деп хабарлады Associated Press агенттігі. Аргем және Верт қалаларында терроризмге қарсы арнайы операция жүргізіліп, ұсталғандардан граната, АК47 автоматтары мен бомба жасайтын материалдар тәркіленді.

Үш күдікті бұған дейін исламшыл қарулы топ жағында соғысу үшін шетелге кетпек болғаны үшін ұсталған. Ұсталған топтың басшысы деген күдікті - 34 жастағы Ирак азаматы. Ол былтыр "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылмақ болғаны үшін сотталған.

Нидерланд қауіпсіздік күштерінің өкілдері күдіктілердің ұсталғанына қарамастан, теракт болу қаупі әлі сейілмегенін айтады. Елде террорлық қауіп-қатер деңгейі жоғарылатылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG