Accessibility links

ІІМ: Журналист өліміне күдікті ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі (ІІМ) журналист Ирина Бекетованы өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Министрліктің баспасөз хатшысы Алмас Садубаевтың хабарламасында полиция күдіктіні Ақмола облысының Аршалы ауданы Ижевск кентінде иесіз қалған ғимараттан ұстағаны айтылады. Садубаевтың сөзінше, күдікті ұстау кезінде қарсылық танытпаған. Ирина Бекетованы Астанада 25 қыркүйекке қараған түні өлтіріп кеткен.

Садубаевтың ақпаратына қарағанда, журналистің өліміне онымен бірге тұрған 34 жастағы Астана тұрғыны Анатолий Гусейноыв күдікті деп танылып отыр. Полицияның болжамынша, қайғылы оқиға болатын күні Бекетова мен күдікті қызғаныштан сөзге келіп қалған. Осыдан кейін әйелдің подъезде ес-түссіз жатқанын көргендер "жедел жәрдем" шақырған. Гусейнов полицияға сол күні белгісіз бағытқа қашып кеткенін айтқан.

Министрлік мәліметінше, күдікті қазір уақытша қамау абақтысына жабылған. Журналист өлімі бойынша "Кісі өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру" бабымен тергеу жүргізіліп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG