Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысында Зырян ауданының аты өзгерді


Шығыс Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Шығыс Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысында Зырян ауданының атауы Алтай ауданы деп өзгертілді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері 28 қыркүйекте өткен талқылауда Зырян ауданының атауы мен Зырян қаласының атын Алтай ауданы және Алтай қаласы деп өзгертуді қолдап дауыс берді.

Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданына сапарында депутаттармен кездесуде олардың аудан атауын өзгерту туралы ұсынысын қолдаған.

Зырян ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан 1971 жылы осы аймақта полиметалл кенішін ашқан Герасим Зыряновтың атымен аталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG