Accessibility links

Боксшы Әлімханұлы АҚШ-тағы жекпе-жекте жеңіске жетті


Жәнібек Әлімханұлы (қызыл формада).
Жәнібек Әлімханұлы (қызыл формада).

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Окленд қаласында өткен бокс кешінде колумбиялық Карлос Галванмен кездесіп, жеңіске жетті. Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылды. Үш төрешіде 60:54 есебімен жеңісті 25 жастағы Әлімханұлына берді.

Бұл - Қазақстан боксшысының кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегі. Ол үш кездесуде де жеңіске жетті. Ал 27 жастағы Галван сегізінші рет (16 жеңіс, бір тең) жеңілді.

Әлімханұлы әуесқой бокста жүргенде 2013 жылы әлем чемпионы атанды. 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарына қатысты. 2016 жылы Алматыда кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ал 2018 жылдың маусымда АҚШ-тағы Top Ring проумоутерлік компаниясымен келісім-шарт жасасқан.

Әлімханұлы 3 қарашада Техас штатында америкалық боксшы Вон Александермен (12 кездесуде жеңген, бір рет жеңілген) кездесуі жоспарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG