Accessibility links

Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 832-ге жетті


Жер сілкінісінен кейін жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары. Индонезия, 29 қыркүйек 2018 жыл
Жер сілкінісінен кейін жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары. Индонезия, 29 қыркүйек 2018 жыл

Индонезиядағы жер сілкінісі мен цунамиден қаза тапқандар саны 832 адамға жетті деп хабарлады Индонезияның апат салдарымен күрес бойынша ұлттық агенттігі.

Көп адам 7,5 балдық жер сілкінісінен кейін қираған ғимараттардың астынан шыға алмай қалған. Жағдайды жер сілкінісі салдарынан көтерілген алты метрлік цунами күрделендіріп жіберген. Елде құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Ел билігі қаза тапқандар саны мыңға дейін жетуі мүмкін екенін айтады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, алдын-ала ақпарат бойынша зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Қуаты 7,5 магнитудаға жететін жер сілкінісі 28 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша кешкі алтыда болған. Жер дүмпуінің эпицентрі Сулавеси аралындағы Палу қаласынан 80 шақырымда болған.

Палуда шамамен 350 мың адам тұрады. 260 миллион халқы бар Индонезияда жер сілкінісі жиі болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG