Accessibility links

Сирия: Қарулы оппозицияшыл топ Идлибтен өз күштерін шығара бастады


Идлиб провинциясында қарулы оппозицияшыл көтерілісшілер бақылауындағы аудандардан үкімет әскерінің бақылауындағы аудандарға көшіп бара жатқан тұрғындар. Сирия, 25 қыркүйек 2018 жыл (Көрнекі сурет).
Идлиб провинциясында қарулы оппозицияшыл көтерілісшілер бақылауындағы аудандардан үкімет әскерінің бақылауындағы аудандарға көшіп бара жатқан тұрғындар. Сирия, 25 қыркүйек 2018 жыл (Көрнекі сурет).

Сирияның солтүстігінде оппозициялық қарулы "Файлак аш-Шам" тобы өз күштерін Идлиб провинциясынан шығара бастады. Ресей мен Түркияның келісімі бойынша, Идлиб қарусыз аймаққа айналуы тиіс.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, "Файлак аш-Шам" аймақтан Түркия жағының өтініші бойынша кетіп жатыр.

Идлиб провинциясына ішкері қарай 15-20 километрге дейінгі аумаққа созылатын қарусыз аймақ қарулы оппозиция отрядтарын провинцияның Сирия үкімет әскері бақылайтын аудандарынан алыстату үшін құрылады. Қарусыз аймақ 15 қазанға дейін құрылуы тиіс. Аймақты Ресей мен Түркия әскерилері қарауылдайды.

Сирия қарулы күштерінің бір бөлігі Түркиямен келісімді орындауға келіскенімен, исламшыл ең ірі "Хайят Тахрир аш-Шам" тобы әзірге өз күштерін шығаруға көнбей отыр. Бұл топты Ресей террорлық ұйым деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG